Сәбидің өлі денесі Столпин көшесіндегі дүкеннің өртке қарсы қалқанда табылған. Қыз баланың мүрдесін жас ананың әріптесі тауып алған. Сараптама баланың бір затпен тұншықтырылғанын анықтады.
Бейбүйрек ана жұмыс орнына қайтып оралғанымен, өзін нашар сезінген. Әйел жансақтау бөліміне жеткізілді. Қазіргі кезде ол палатаға ауыстырылды, денсаулығы қалпында. Тергеушілер оны қамауға алу мәселесін шешіп жатыр.
Нәресте өлімі фактісімен «Ананың жаңа туған баласын өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп жазады piter.tv.