Челябіге бағыт алған жолаушыдан гашиш пен марихуана табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шекара қызметінің «Солтүстік» өңірлік басқармасына қарасты «Қайрақ-авто» бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды «Рудный-Челябинск» бағытында жол жүріп бара жатқан «Лада Гранта» автомашинасына шекаралық тексеру жүргізу кезінде қызметтік иттің иіс алуымен 33-жастағы жүргізушінің оң аяғындағы шұлығының ішінен полиэтиленді шағын пакеттерге салынған жасыл ұнтақтарды анықтады. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Өзіндік иісіне, түр-түсіне қарап шекарашылар олардың гашиш және марихуана екендігін анықтады, әрқайсысының салмағы 15 грамнан болады.

Аталған дерек бойынша материалдар Қостанай облысының Қарабалық аудандық ішкі істер бөліміне берілді.