Челябинскіде суға батқан қайықтан тағы екі баланың мүрдесі табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құтқарушылар дүйсенбі күні түнде Челябинск облысында бұған деййін қайық аударылып, қайғылы оқиға болған көлден тағы екі баланың денесін алып шықты, деп хабарлады РИА Новости.

Қайық Тоқұзақ кенті маңындағы көлшікте аударылған. Онда, алдын ала дерек бойынша, тоғыз адам болған. Тағы екеуі жағада тұрған, кейін суға батып бара жатқандарға көмектеспекші болғанда, батып кеткен. Жексенбі күні кешке құтқарушылар төрт адамның мүрдесін тапты, оның ішінде екі бала да бар.

Агенттікте сұхбат беруші қаза тапқандар екі ер адам, төрт бала (үш оқушы, бір екі жасар бала) екенін айтты. Жағаға дейін келген 4 ер адамды ғана құтқару мүмкін болды.

«Құтқарушылар 1981 жылы туған тағы бір адамды іздеп жатыр», - деді ол.