Испаниялық клуб доп додасын сәтті өткізіп келеді. Әзірге бірде-бір ойында жеңілістің ащы дәмін татқан жоқ. Бұл жолы украиналық «Шахтерді» 2:1 есебімен сүріндірді.
Сондай-ақ, тағы бір кездесуде Англияның «Манчестер Ситиі» жеңісті жолын жалғастырды. Англиялық клуб үшінші турда сырт алаңда Швейцарияның «Янг Бойз» клубынан 3:1 есебімен басым түсті. Нәтижесінде үшінші жеңісін тойлады.
3-турдағы ойын нәтижесі төмендегіше:
E тобы: «Фейеноорд» (Нидерланд) - «Лацио» (Италия) 3:1, «Селтик» (Шотландия) - «Атлетико Мадрид» (Испания) 2:2.
F тобы: «Ньюкасл Юнайтед» (Англия) - «Боруссия Дортмунд» (Германия) 0:1, «Пари Сен-Жермен» (Франция) - «Милан» (Италия) 3:0.
G тобы: «РБ Лейпциг» (Германия) - «Црвена Звезда» (Сербия) 3:1, «Янг Бойз» (Швейцария) - «Манчестер Сити» (Англия) 1:3
H тобы: «Барселона» (Испания) - «Шахтер Донецк» (Украина) 2:1, «Антверпен» (Бельгия) - «Порту» (Португалия) 1:4.
Енді төртінші тур ойындары 7 және 8 қараша күндері өткізіледі.
Еске салсақ, бүдан бұрын Чемпиондар лигасында «Бавария» сырт алаңда «Галатасарайдан» басым түсті.