Чемпиондар лигасы: «Бавария» сырт алаңда «Пафосты» жеңді
АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңі екінші турының бірінші ойын күні өтті.
Бұл күні Германияның «Бавария» клубы сырт алаңда Кипрдің «Пафосын» 5:1 есебімен жеңді. Олардың қатарынан Гарри Кейн 15-минутта есеп ашса, одан кейін Рафаэл Геррейру 20, Николас Джексон 31-минутта мергендік танытты.
Ал Гарри Кейн 34-минутта тағы бір мәрте гол соқса, кипрлік клубтан Мислав Оршич есеп айырмасын қысқартты. Ойынның 68-минутында германиялық клубтан Майкд Олисе қорытынды есепті белгіледі.
Сондай-ақ Англияның «Челсиі» Португалияның «Бенфикасын» 1:0, Испанияның «Атлетико Мадлриді» Германияның «Айнтрахтын» 5:1, Италияның «Интері» Чехияның «Слованын» 3:0 есебімен жеңді.
Ал «Бодо-Глимт» (Норвегия) мен «Тоттенхэм Хотспурс» (Англия) 2:2 есебімен тең түссе, франциялық «Марсель» нидерландтық «Аяксты» 4:0, түркиялық «Галатасарай» Англияның «Ливерпулін» 1:0, италиялық «Аталанта» Бельгияның «Брюггесін» 2:1 есебімен жеңді.
Айта кетсек, алматылық «Қайрат» өз алаңында Испанияның «Атлетико Мадриді» клубына 0:5 есебімен есе жіберді.
Енді 1 қазанда «Юнион Сен-Жилуаз» (Бельгия) бен «Ньюкасл Юнайтед» (Англия), «Арсенал» (Англия) мен «Олимпиакос» (Грекия), «Карабах» (Әзербайжан) пен «Копенгаген» (Дания), «Монако» (Франция) мен «Манчестер Сити» (Англия), «Байер» (Германия) мен ПСВ (Нидерланд), «Боруссия Дортмунд» (Германия) пен «Атлетик» (Испания), «Барселона» (Испания) мен «Пари Сен-Жермен» (Франция), «Наполи» (Италия) мен «Спортинг Лиссабон» (Португалия), «Вильярреал» (Испания) мен «Ювентус» (Италия) кездеседі.