12 ақпанда Германияның «Бавария» командасы сырт алаңда Шотландияның «Селтигімен» кездесті.
Германиялық ұжым аталған ойында жеңіске жету жолын іздеді. Соған қарамастан алғашқы голды Майкл Олисе 45-минутта соқты. Ал екінші кезеңнің 49-минутында Харри Кейн өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ.
Шотландиялық клуб та «Баварияға» лайықты қарсылық көрсетті. Нәтижесінде олардың қатарынан Дайдзен Маэда 79-минутта есеп айырмасын қысқартты. Осылайша «Бавария» сырт алаңда қарсыласын 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Сондай-ақ бұл күні өз алаңында бельгиялық «Брюгге» Италияның «Аталантасын» 2:1 есебімен жеңсе, нидерландтық «Фейеноорд» Италияның «Миланынан» 1:0 есебімен басым түсті. Ал франциялық «Монако» Португалияның «Бенфикасына» 0:1 есебімен есе жіберді.
Жарыстың аталған сатысындағы қарымта ойындар 18-19 ақпан күндеріне белгіленген.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Реал Мадрид» Англияда «Манчестер Ситиді» жеңді.