Чемпиондар лигасы: «Боруссия Дортмунд» «Барселонадан» қарымта қайтара ала ма

Фото: Фото: Pixabay

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін UEFA Чемпиондар лигасы ширек финалының қарымта кездесуіндегі екі ойын өткізіледі.

Екі кездесу де Қазақстан уақытымен 23:50-де басталады. Жарыстың аталған сатысындағы ойынның бірінде «Астон Вилла» (Англия) мен «Пари Сен-Жермен» (Франция) шеберлік байқасады.

Алғашқы матчта «Пари Сен-Жермен» қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті.

Бұл ойын «Qazaqstan» телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Ал тағы бір жұпта «Боруссия Дортмунд» (Германия) пен «Барселона» (Испания), кездесуі белгіленген. Аталған ойынды қазақстандық жанкүйерлер «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Алғашқы матч 4:0 есебімен «Барселонаның» басымдығымен аяқталды.

Сондай-ақ 16 сәуірде «Реал Мадрид» (Испания) пен «Арсенал» (Англия), «Интер» (Италия) мен «Пари Сен-Жермен» (Франция) жасыл алаңға шығады.

Биылғы маусымда аталған турнир жаңа ереже бойынша өткізіліп жатыр. Жалпы кезеңде алғаш рет 36 команда ойнап, алғашқы он екі орынға ие болғаны бірден 1/4 финалға жолдама алды. Қалған он екісі 1/8 финалда бақ сынады.

Финал 31 мамырда Германияның Мюнхен қаласындағы «Альянц арена» стадионында өткізіледі.