Чемпиондар лигасы: Бүгін «Арсенал» мен «Пари Сен-Жермен» кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін UEFA Чемпиондар лигасы жартылай финалында алғашқы ойын өткізіледі.
Аталған кездесуде «Арсенал» (Англия) мен «Пари Сен-Жермен» (Франция) шеберлік байқасады.
Ойын Қазақстан уақытымен 23:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін төрт мәрте кездесті. Оның екуінде англиялық клуб жеңіске жетсе, қалғанына тең нәтиже тіркелді.
2024 жылдың 1 қазанында Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің екінші турында «Арсенал» аталған қарсыласынан 2:0 есебімен басым түскен еді.
Бүгінгі ойында англиялық клуб сапында бес футболшы жарақатына байланысты алаңға шыға алмайды. Олардың қатарында Габриэл Жезус, Тахэхиро Томиясу, Кай Хаверц, Габриэл Магаляйнс, Риккардо Калафьори бар.
Сондай-ақ бұдан бұрынғы ойындарда тәртіп бұзуына байланысты Тоас Парти бүгін англиялық клубқа көмектесе алмайды.
Ал «Пари Сен-Жермен» сапында барлық футболшылар алдағы ойынға толық дайын.
Жарыстың аталған сатысында ертең, 30 сәуірде «Интер» (Италия) мен «Барселона» (Испания) шеберлік байқасады.
Еске салсақ, футболдан Қазақстан құрамасы маусым айында Беларусьпен жолдастық кездесу өткізеді.