Чемпиондар лигасы: Бүгін «Интер» мен «Интер» ойнайды

Фото: Фото: championat.com

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін, 6 мамырда UEFA Чемпиондар лигасы жартылай финалындағы қарымта ойындар басталады.

Бұл кездесуде «Интер» (Испания) мен «Интер» (Испания) шеберлік байқасады. 
Ойын Қазақстан уақытымен 23:50–де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 11 мәрте кездесті. Оның 5-де испаниялық клуб басым түссе, тағы 4 мәрте тең түсін, қалғанында италиялық клуб үш ұпай олжалап кетті.

Ал «Интер» қатарында қорғаушы Бенжамен Павар мен жартылай қорғаушы Валентин Карбони жасыл алаңға шықпайды.

«Барселона» сапында қорғаушы Жюль Кунде, Алекс Бальде, жартылай қорғаушы Марк Берналь, Марк Касадо, Пабло Торре жарақатына байланысты бүгін командасына көмектесе алмайды.

Еске салсақ, бұдан бұрын жартылай финалдағы алғашқы кездесуде екі команда 3:3 есебіне қанағат білдірді.

Сондай-ақ 7 мамырда «Пари Сен-Жермен» (Франция) мен «Арсенал» (Англия) жасыл алаңға шығады.

Финал 31 мамырда Германияның Мюнхен қаласындағы «Мюнхен арена» стадионында болады.