Чемпиондар лигасы: бүгін ширек финал ойындары басталады
АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы ¼ финалының алғашқы ойындары 7-8 сәуір күндері өтеді.
Ширек финалға 1/8 финалда қарсыластарын қапы қалдырған «Спортинг», «Арсенал», «Реал Мадрид», «Бавария», «Пари Сен-Жермен», «Ливерпуль», «Барселона», «Атлетико Мадрид» командалары жолдама алған еді.
Бұл кезеңде жанкүйерлер арасында «Реал Мадрид» пен «Бавария», «Пари Сен-Жермен» мен «Ливерпуль» матчтарына ерекше қызығушылық бар.
Ойындардың барлығы Қазақстан уақытымен 23:50–де «Qazaqstan» мен «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
7 сәуір
«Спортинг» (Португалия) — «Арсенал» (Англия). «Qazaqstan».
«Реал Мадрид» (Испания) — «Бавария» (Германия). «Qazsport».
8 сәуір
«Пари Сен-Жермен» (Франция) — «Ливерпуль» (Англия). «Qazaqstan».
«Барселона» (Испания) — «Атлетико Мадрид» (Испания). «Qazsport».
Айта кетсек, ¼ финалдың қарымта ойындары 14-15 сәуір күндеріне белгіленсе, жартылай финал 28-29 сәуір және 5-6 мамырда болады.
Финал 30 мамырда Венгрия астанасы Будапешт қаласындағы «Пушкаш-Арена» стадионында өткізіледі.