Чемпиондар лигасы: «Интер Милан» «Будё-Глимтке» жол берді

Фото: Championat.com

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін UEFA Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінің қарымта ойындары өтті.

Бұл кезеңде Италияның «Интер Милан» командасы қарсыласына есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды. Олар қарымта кездесуде Норвегияның «Будё-Глимт» клубына 1:2 есебімен жол берді. Норвегиялық клубтан Йенс Петтер Хёуге 58, Хокон Эвьен 72-минутта мергендік танытса, оған италиялық командадан Алессандро Бастони 76-минутта бір голмен жауап қайырды.

Бірінші ойында қарсыластар 3:3 есебімен тең түскен еді. 

Енді бүгін тағы төрт кездесу өткізіледі.

24 ақпан

«Ньюкасл Юнайтед» (Англия) — «Карабах» (Әзербайжан) 3:2 (бірінші ойын 6:1)
«Байер» (Германия) — «Олимпиакос» (Грекия) 0:0 (2:0)
«Атлетико Мадрид» (Испания) — «Брюгге» (Бельгия) 4:1 (3:3)
«Интер Милан» (Италия) — «Будё-Глимт» (Норвегия) 1:2 (1:3)

25 ақпан

«Ювентус» (Италия) — «Галатасарай» (Түркия)
«Пари Сен-Жермен» (Франция) — «Монако» (Франция)
«Реал Мадрид» (Испания) — «Бенфика» (Португалия)
«Аталанта» (Италия) — «Боруссия Дортмунд» (Германия).

Алғашқы ойындар 17 және 18 ақпан күндері өткізілді.

Ал негізгі кезеңде үздік сегіздікке іліккен «Арсенал» (Англия), «Бавария» (Германия), «Ливерпуль» (Англия), «Тоттенхэм Хотспур» (Англия), «Барселона» (Испания), «Челси» (Англия), «Спортинг» (Португалия), «Манчестер Сити» (Англия) клубтары бірден ширек финалға жолдама алады.

Енді 25 ақпанда қазақстандық жанкүйерлер Қазақстан уақытымен сағат 22:35–те «Аталанта» мен «Боруссия Дортмунд», 25 ақпаннан 26-на қараған түні сағат 00:50–де «Реал Мадрид» пен «Бенфика» кездесуін «Qazsport», «Пари Сен-Жермен» мен «Монако» ойынын «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Финал 30 мамырда Венгрия астанасы Будапешт қаласындағы «Пушкаш-Арена» стадионында өткізіледі.