Алғашқы ойында алматылық клуб аталған қарсыласына 0:2 есебімен жол берген еді. Сондықтан алаң иелері алғашқы минуттан тізгінді өз қолдарына алуға тырысты.
Кездесу бастала сала қарсыластар қақпасы маңында жиі шабуыл ұйымдастырды. Нәтижесінде 9-минутта Дастан Сәтпаев есеп ашса, Жоржиньо 29, Валерий Громыко 44-минутта мергендік танытты. Осылайша «Қайрат» қарсыласынан бірінші кезеңнен кейін 3:0 есебімен басым түсті. Бұл есеп алматылық ұжымға аталған турнирдің үшінші іріктеу сатысына жолдама алуына мүмкіндік береді.
Жарыстың аталған сатысында қазақстандық клуб «Слован» (Словакия) — «Зриньски» (Босния және Герцоговина) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Ал бірінші іріктеу кезеңінде алматылық команда екі ойынның нәтижесімен Словенияның «Qлимпиясын» (1:1, 2:0) есебімен жеңді.
Сондай-ақ еліміздің атынан «Астана» мен «Ақтөбе» Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңіндегі қарымта ойындарын өткізеді.