Чемпиондар лигасы: «Қайрат» сырт алаңда «Копенгагенге» есе жіберді

Фото: «Қайрат» ФК

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің бесінші турында қазақстандық «Қайрат» сырт алаңда Данияның «Копенгаген» командасымен кездесті.

Алғашқы минуттан даниялық команда тізгінді өз қолында ұстауға тырысты. Көбірек шабуыл жасап, гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Осындай сәттердің бірінде олардың қатарынан Виктор Дадасон 26-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Екінші кезеңде де алаң иелері шабуылға көбірек көңіл бөлді. Ойынның 59-минутында «Қайрат» қақпасына белгіленген пенальтиден Джордан Ларссон мүлт кеткен жоқ.

Ал 73-минутта «Копенгаген» сапынан Роберт басымдықты арттырды.

Ойынның 81-минутында алматылық клубтан Дастан Сәтпаев даниялық қақпашының қателігін пайдаланып, өзінің аталған турнирдің негізгі кезеңіндегі алғашқы голын соқты.

Ал 90-минутта «Қайраттың» тағы бір ойыншысы Олжас Байбек көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Осылайша қазақстандық команда қарсыласына 2:3 есебімен есе жіберді.

«Қайрат» Португалияның «Спортингіне» 1:4, Испанияның «Реал Мадридіне» 0:5, Италияның «Интеріне» 1:2 есебімен жол берсе, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түсті.

Ал «Копенгаген» командасы Германияның «Байерімен» 2:2 есебімен тең ойнап, одан кейін Әзербайжанның «Карабах» клубынан 0:2, Германияның «Боруссия Дортмундынан» 2:4, Англияның «Тотенхэм Хотспурынан» 0:4 есебімен жеңіліп қалған еді.

Енді қазақстандық клуб одан кейін 9 желтоқсанда Астанада Грекияның «Олимпиакос», 2026 жылдың 20 қаңтарында Бельгияның «Брюгге» клубын қабылдайды