Чемпиондар лигасы: «Қайрат» сырт алаңда «Селтикпен» тең түсті
АСТАНА. KAZINFORM - Алматылық «Қайрат» футболдан UEFA Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінде сырт алаңда шотландиялық «Селтик» командасымен тең түсті.
Кездесу барысында шотландиялық команда алғашқы минуттан тізгінді өз қолында алуға тырысты. Десе де оған қазақстандық команда мүмкіндік берген жоқ. Кейбір сәтте қарсы шабуылға шығып, гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Осындай сәттің бірінде алматылық клубтан Жоржиньо өз мүмкіндігін пайдалана алмады. Алматылық клуб сапынан жас футболшы Дастан Сәтпаевтың белсенділігі анық көрінді.
Бірінші тайм аяқталар тұста «Селтик» шабуылды үдете түсті. Бұл сәтте алматылық команда сауатты қорғана білді.
Екінші кезеңде де шотландлиялық команданың белсенділігі байқалды. Соған қарамастан көздеген мақсатына жете алмай жатты. Ойынның 73-минутында негізгі қақпашы Александр Заруцкий алған жарақатына байланысты алаңнан кетуге мәжбүр болды. Оны Темірлан Анарбеков алмастырды.
Осылайша командалар алғашқы кездесуде 0:0 есебіне қанағат білдірді. Енді қарымта ойын 26 тамызда Алматы қаласында өтеді.
Бұған дейін «Қайрат» сырт алаңда «Селтикпен» ойнайтынын жазған едік.
Алматылық футболшылар аталған турнирдің алғашқы үш іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпия» (1:1, 2:0), Финляндияның КуПС клубтарын (0:2, 3:0), Словакияның «Слован» (1:0, 0:1, пенальтиден 4:3) командасын қапы қалдырып кетті.
«Селтик» еурододадағы алғашқы ойынын плей-офф кезеңінен бастады.
Қазірге дейін «Селтик» командасының еурокубок ойындарында өз алаңында қазақстандық клубтарды үш мәрте жеңген еді. Алдымен 2013 жылы Чемпиондар лигасында қарағандылық «Шахтерді» 3:0, 2016 жылы елордалық «Астананы» 2:1, 2017 жылы 5:0 есебімен жеңген еді.