Қазақстандық команда жарыстың бұл сатысында Черногорияның «Сутьеска» клубымен шеберлік байқасады.
Чемпиондар лигасында алғашқы кезең 7-8 және 14-15 шілде күндері болады.
Айта кетсек, алматылық клуб өткен маусымда негізгі кезеңде Португалияның «Спортингіне» 1:4, Испанияның «Реал Мадридіне» 0:5, Италияның «Интеріне» 1:2, Грекияның «Олимпиакосына» 0:1, Данияның «Копенгагеніне» 2:3, Бельгияның «Брюггесііне» 1:4, Англияның «Арсеналына» 2:3 есебімен жол берсе, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түсті.
Сондай-ақ семейлік «Елімай» мен елордалық «Астана» бүгін Конференция лигасы алғашқы кезеңінде кімдермен кездесетіні белгілі болады.
Семейлік клубқа алғашқы кезеңде ықтимал қарсылас ретінде «Милсами» (Орхей, Молдова), «Жальгирис» (Вильнюс, Литва), «Зиря» (Әзербайжан), «Алашкерт» (Армения), БАТЭ (Борисов, Беларусь) саналады.
Ал елордалық команда «Силекс» (Кратово, Македония), «Динамо Сити» (Тирана, Албания), «Виртус» (Сан-Марино), «Морнар» (Бар, Черногория), «Марсашлокк» (Мальта) клубтарымен жолығуы мүмкін.
Қостанайлық «Тобыл» еурожорығын Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінен бастайды.