Қазақстандық команда бірінші іріктеу кезеңінен іркілмей өткен жағдайда олар Кипрдің «Омония» клубымен шеберлік байқасады.
Бұл командамен алматылық команданың жолы бұдан бұрын 2021/2022 жылғы маусымда Конференция лигасы топтық кезеңінде түйіскен еді. Ол жолы екі кездесуде де 0:0 есебі тіркелді.
Айта кетсек, алматылық ұжым жарыстың бірінші сатысында Черногорияның «Сутьеска» клубымен кездеседі.
Чемпиондар лигасында алғашқы кезең 7-8 және 14-15 шілде күндері болса, екінші іріктеу кезеңі 21-22 және 28-29 шілде күндеріне белгіленген.
Айта кетсек, алматылық клуб өткен маусымда Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінде Португалияның «Спортингіне» 1:4, Испанияның «Реал Мадридіне» 0:5, Италияның «Интеріне» 1:2, Грекияның «Олимпиакосына» 0:1, Данияның «Копенгагеніне» 2:3, Бельгияның «Брюггесііне» 1:4, Англияның «Арсеналына» 2:3 есебімен жол берсе, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түсті.
Сондай-ақ бірден Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңін жолдама алған қостанайлық «Тобыл» алғашқы қарсыласын анықтайды.
Оған қоса Конференция лигасының еурожорықты бірінші іріктеу кезеңінен бастайтын «Астана» және «Елімайдың» ықтимал қарсыластары нақтыланады. Алғашқы іріктеу кезеңінде «Астана» Албанияның «Динамо Сити», семейлік «Елімай» Арменияның «Алашкерт» клубтарын жеңсе, олар екінші іріктеу кезеңінде жаңа қарсыластарын анықтайды.
Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінің жеребесі Қазақстан уақытымен 17:00-ге жоспарланған.