UEFA коэффициентінің есептеуіне сәйкес, бірінші іріктеу кезеңінде еліміздің өткен жылғы чемпионы «еленгендер» себетіне түседі. Бұл алматылықтарға ең мықты қарсыластармен кездесуден тыс қалуға мүмкіндік береді.
Қазақстандық клубтың іріктеудің бірінші кезеңінде кездесуі ықтимал қарсыластарының қатарында «Сабах» (Әзербайжан), «Левски София» (Болгария), «Кауно Жальгирис» (Литва), «МЛ Витебск» (Беларусь), cондай-ақ Люксембург, Андорра және Черногория клубтары бар.
Айта кетсек, алматылық клуб өткен маусымда негізгі кезеңде Португалияның «Спортингіне» 1:4, Испанияның «Реал Мадридіне» 0:5, Италияның «Интеріне» 1:2, Грекияның «Олимпиакосына» 0:1, Данияның «Копенгагеніне» 2:3, Бельгияның «Брюггесііне» 1:4, Англияның «Арсеналына» 2:3 есебімен жол берсе, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түсті.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Тобылдың» Конференция лигасындағы ықтимал қарсыластары анықталды.
Сондай-ақ Конференция лигасында «Астана» және «Елімайдың» қай командалармен кездесуі мүмкін екені белгілі болды.