АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін қазақстандық «Ордабасы» футболдан Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде молдовалық «Петрокуб» клубымен қарымта кездесу өткізеді.
Ойын қазақстандық уақытпен 22:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Шымкенттік клуб былтыр ел біріншілігінде бірінші рет чемпион атанды. Нәтижесінде биыл алғаш рет Чемпиондар лигасында бақ сынауға мүмкіндік алды.
«Петрокуб» командасы 1999 жылы құрылған. Бұл клубта да өз елінде алғаш рет чемпиондық атақты жеңіп алды.
Шымкент қаласында өткен алғашқы ойында командалар 0:0 есебіне қанағат білдірді. Аталған кездесуде жеңіске жеткен командалар Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңінде Кипрдің АПОЭЛ командасымен кездеседі. Ал жеңілгені Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңінде сынға түседі.
Айта кетсек, биыл Еуропа лигасында қостанайлық «Тобыл», Конференция лигасында елордалық «Астана» және «Ақтөбе» командалары ел намысын қорғайды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.