АСТАНА. KAZINFORM — UEFA Чемпиондар лигасы жартылай финалындағы алғашқы ойынында англиялық «Арсенал» Францияның «Пари Сен-Жермен» клубына есе жіберді.
Екі команда бұған дейін төрт мәрте кездескен еді. Оның екеуінде англиялық клуб жеңіске жетсе, қалғанына тең нәтиже тіркелді. Бұл жолы франциялық команданың жолы болды.
Ойынның 4-минутында олардың қатарынан Усман Дембеле мергендік танытты.
Екінші кезеңде 47-минутта «Арсенал» сапынан Микель Мерино таразы басын теңестірді. Бас төреші Славко Винчич VAR қарағаннан кейін оны офсайдтан соғылған деген шешім шығарды.
Осылайша англиялық клуб қарсыласына 0:1 есебімен жеңіліп қалды.
Енді қарымта ойын 7 мамырға белгіленген.
Жарыстың аталған сатысында бүгін, 30 сәуірде «Интер» (Италия) мен «Барселона» (Испания) шеберлік байқасады.
Финал 31 мамырда Германияның Мюнхен қаласындағы «Мюнхен арена» стадионында болады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.