Чемпиондар лигасы: «Пари Сен-Жермен» мен «Бавария» ширек финалға шықты
АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан UEFA Чемпиондар лигасының 1/4 финалына алғашқы екі жолдама «Пари Сен-Жермен» мен «Бавария» командаларына бұйырды.
Францияның «Пари Сен-Жермен» клубы сырт алаңда Испанияның «Реал Сосьедад» командасымен кездесті.
Ойын барысында олардың қатарынан Килиан Мбаппе 13, 56-минуттарда гол соқса, оған испаниялық клубтанМикель Мерино 89-минутта жалғыз голмен жауап қайырды.
Осылайша «Пари Сен-Жермен» қарсыласын 2:1 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты.
Алғашқы ойындада франциялық клуб 2:0 есебімен басым түскен еді.
Ал «Бавария» (Германия) мен «Лацио» (Италия) кездесуінде германиялық 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Олардың қатарынан Гарри Кейн 38, 66, Томас Мюллер 47-минутта мергендік танытты. Есеп 3:0. «Бавария» жеңіске жетті.
Бірінші ойын 1:0 есебімен италиялық клубтың пайдасына шешілген еді.
Енді 6 наурыздан 7-не қараған түні «Манчестер Сити» (Англия) мен «Копенгаген» (Дания), «Реал
Мадрид» (Испания) пен «Лейпциг» (Германия) командалары шеберлік байқасады.
Сондай-ақ 12 наурызда «Арсенал» (Англия) мен «Порту» (Португалия), «Барселона» (Испания) мен «Наполи» (Италия), 13 наурызда «Боруссия Дортмунд» (Германия) пен ПСВ (Нидерланд), «Атлетико Мадрид» (Испания) пен «Интер» (Италия) ойнайды.
Айта кетсек, 2023 жылы Англияның «Манчестер Сити» клубы өз тарихында тұңғыш мәрте Чемпиондар лигасында жеңімпаз атанған еді.