Чемпиондар лигасы: «Реал Мадрид» екінші ойын қатарынан жеңіске жетті

Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің екінші турында Испанияның «Реал Мадрид» клубы сырт алаңда Италияның «Наполиін» сүріндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото: ҚазАқпарат

Аталған турдың алғашқы ойын күнінде А, В, С, D топтарында командалар өзара кездесті.

Кездесу барысында командалар тартысты ойын өткізді. Испаниялық клуб сапынан Винисиус Жуниор 27, Джуд Беллингем 34-минутта мергендік танытса, италиялық клубтан Алекс Мерет 78-минуттан өзінің қақпасына гол соғып алды. Оған «Наполи» футболшылары Лес Эстигор 19, Петр Зелиньски 54-минутта екі голмен жауап қайырды.

 

Осылайша «Реал Мадрид» қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті. Нәтижесінде екінші ойын қатарынан ұпайдан шашау шығарған жоқ.

А тобы: «Манчестер Юнайтед» (Англия) - «Галатасарай» (Түркия) 2:3, «Копенгаген» (Дания) - «Бавария» (Германия) 1:2

В тобы: ПСВ (Франция) - «Севилья» (Испания) 2:2, «Ланс» (Франция) - «Арсенал» (Англия) 2:1

С тобы: «Унион Берлин» (Германия) - «Спортинг Брага» (Португалия) 2:3, «Наполи» (Италия) - «Реал Мадрид» (Испания) 2:3

D тобы: «Ред Булл Зальцбург» (Австрия) - «Реал Сосьедад» (Испания) 0:2, «Интер» (Италия) - «Бенфика» (Португалия) 1:0

Енді 4 қыркүйекте қалған төрт топта екінші тур ойын өткізіледі.