Бұл матчта Франциядан келген Бенуа Бастьенге бас төреші міндеті жүктелген. Оған отандастары Хишам Закрани мен Орельен Бертомье көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Томас Леонард.
Кездесу 12 тамыздан 13-не қараған түні қазақстандық уақытпен сағат 23:05-те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Айта кетсек, екі команда арасындағы алғашқы кездесуде «Қайрат» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті. Жалғыз голды 90-минутта алматылық клубтан Дастан Сәтпаев пенальтиден соқты.
Егер «Қайрат» командасының футболдан UEFA Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінен іркілмей өткен жағдайда плей-офф кезеңінде шотландиялық «Селтик» командасымен ойнайды.
Ал Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне түскен жағдайда швейцариялық «Янг Бойз» клубымен шеберлік байқасуы мүмкін.
Алматылық футболшылар бірінші және екінші іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпия» (1:1, 2:0), Финляндияның КуПС клубтарын (0:2, 3:0) қапы қалдырып кетті.
Ал словакиялық клуб екінші іріктеу кезеңінде Босния және Герцоговинаның «Зриньски» командасын (4:0, 2:2) жеңді.