АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде елордалық «Астана» клубы сырт алаңда «Мидтьюлланд» командасымен қарымта ойынның бірінші кезеңі аяқталды. Әзірге есеп ашылған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ойын Астана уақытымен сағат 23.00-де басталды. Бірінші кезеңде қос команда тарапынан да бірнеше гол соғаты мүмкіндіктер болған. Әсіресе, алаң иелері тарапынан басымдық байқалып тұрды. Дегенмен, екі команда да оларды голға айналдыра алған жоқ.
«Тобылдың» бас бапкері клубтан кететінін айтты «Мидтьюлланд» - «Астана» арасындағы ойын тікелей эфирде көрсетіледі Футбол: «Ақжайыққа» тағы бір украиналық ойыншы алынды Астанада өткен алғашқы ойын 2:1 есебімен біздің команданың пайдасына шешілді. Бұл туралы бұған дейін айтылған болатын.
Бұл жұптан жеңімпаз болған команда жарыстың үшінші іріктеу кезеңінде Хорватияның «Динамо» (Загреб) командасымен кездеспек.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.