АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу сатысында елордалық «Астана» сырт алаңда «Динамо Тбилиси» (Грузия) командасымен қарымта ойын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кездесу 19 шілдеде елорда уақытымен 22:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Елордада өткен алғашқы кездесуде командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.
«Динамо Тбилиси» (Грузия) 1925 жылы құрылған. КСРО біріншілігінде 1964, 1978 жылдары чемпион атанды. Ал 1990 жылдан бері өз елінде 18 мәрте жеңіс тұғырына көтерілді.
Сондай-ақ, 1981 жылы UEFA кубок иегерлері кубогында бас жүлде алды.
Жеңімпаз ұжым екінші іріктеу сатысында «Динамо Загреб» командасымен шеберлік байқасады. Ойын 25 шілде және 1 тамыз күндері болады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.