АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу сатысында елордалық «Астана» сырт алаңда «Динамо Загреб» (Хорватия) командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Хорватиялық клуб - тәжірибелі ұжымдардың бірі. 1990 жылдан бері өз елінде 24 мәрте жеңіс тұғырына көтерілді. Еурокубок ойындарына бірнеше мәрте қатысқан.
Сондықтан «Астана» үшін бұл кездесу оңайға соқпайтыны белгілі еді. Нәтижесінде олардың қатарынан Бруно Петкович 38-минутта есеп ашса, одан кейін Лука Иванушеец 41, 43, 56-минуттарда үш мәрте мергендік танытты.
Осылайша «Астана» қарсыласынан 0:4 есебімен жеңіліп қалды.
Екі команда арасындағы қарымта кездесу 1 тамызға белгіленген.
Жеңімпаз ұжым үшінші іріктеу сатысында Грекияның АЕК командасымен шеберлік байқасады. Ойын 9 және 15 тамыз күндері болады.
Бірінші іріктеу сатысында елордалық клуб грузиялық «Динамо Тбилиси» командасын (2:1, 0:0) орта жолда қалдырды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.