АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық «Астана» клубының футболдан UEFA Чемпиондар лигасы екінші іріктеу сатысындағы қарымта ойынына төрешілер белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Чемпиондар лигасы екінші іріктеу сатысында елордалық «Астана» өз алаңында Хорватияның «Динамо Загреб» командасын қабылдайды.
Кездесу «Астана-Арена» стадионында 2 тамызда 20:00-ге белгіленген.
Ойынға Нидерланд елінен келген Деннис Хиглер бас төреші болады. Оған отандастары Рогир Хониг мен Рой де Наc көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де сол елдің өкілі Джоуи Коэй.
Айта кетсек, екінші іріктеу сатысындағы алғашқы кездесуде «Астана» қарсыласына 0:4 есебімен жол берді.
Жеңімпаз ұжым үшінші іріктеу сатысында Грекияның АЕК командасымен шеберлік байқасады. Ойын 9 және 15 тамыз күндері болады.
Ал бірінші іріктеу сатысында елордалық Бірінші іріктеу сатысында елордалық клуб грузиялық «Динамо Тбилиси» командасын (2:1, 0:0) орта жолда қалдырды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.