Чемпиондар лигасы: «Атлетико»-«Астана» матчының есебі ашылды - ВИДЕО
01:11, 22 Қазан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мадридте «Атлетико» және «Астана» командалары арасында Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің матчы өтіп жатыр. Осыдан бірер сәт бұрын ойынның алғашқы голы тіркелді, есеп - 1:0.
Голды кездесудің 23-минутында «Атлетико» ойыншысы Сауль Ньигес салды. Әзірше жерлестеріміз бір ұпаймен артта келеді.
Еске сала кетейік, қос команданың құрамы мынандай:
«Атлетико»: Облак, Годин, Сикейра, Савич, Хуанфран, Тьягу, Гризманн, Габи, Сауль Ньигес, Мартинес, Карраско;
«Астана»: Эрич, Ахметов, Бейсебеков, Илич, Постников, Жуков, Кетевоама, Мужиков, Дедечко, Щеткин, Кабананга.
Матч Астана уақыты бойынша 00:45-те басталды.