Чемпиондар лигасы: «Челсидің» «Реал Мадридке» шамасы келе ме

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәуірдің 12-нен 13-не қараған түні футболдан UEFA Чемпиондар лигасы ширек финалында тағы екі ойын өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото: prosports.kz

Екі ойынның бірінде «Милан» (Италия) мен «Наполи» (Италия) кездеседі.

Кездесу елорда уақытымен 0.50-де басталып, «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 152 мәрте кездесті. Оның 42-де «Наполи», 57-де «Милан» жеңіске жетсе, қалғаны тең аяқталды.

Тағы бір кездесуде «Реал Мадрид» (Испания) пен «Челси» (Англия) командалары шеберлік байқасады.

Кездесу елорда уақытымен 0.50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 9 мәрте кездесті. Оның үшеуінде «Реал Мадрид», төртеуінде «Челси» жеңіске жетсе, қалғаны тең нәтижемен аяқталды.

Финал 10 маусымда Түркияның Ыстанбұл қаласындағы Ататүрік атындағы Олимпиадалық стадионда болады.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Манчестер Сити» «Баварияны» ірі есеппен жеңді.