Чемпиондар лигасы: Ертең «Астананың» қарсыласы белгілі болады
13:11, 10 Желтоқсан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 желтоқсан күні өтетін Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеребе тастау рәсімі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Онда 1/16 финалдағы «Астананың» қарсыласы анықталады. «Астана» топтағы соңғы ойында «Славияны» ұтқаннан кейін УЕФА-ның клубтар рейтингінде 5 орынға жоғарылап, 67-ші орынға табан тіреді.
«Qazsport» телеарнасы Чемпиондар Лигасының жеребе рәсімін 17:00-де ал, Еуропа Лигасының жеребе рәсімін 18:00-де тікелей эфирде көрсетеді. Бұл туралы телеарнаның ресми сайтын хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, Футболдан Еуропа лигасы топтық кезеңінің соңғы ойынын «Астана» командасы Чехия астанасы Прагада «Славиямен» өткізіп, 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын . Осы жеңісінен кейін, «астаналықтар» плей-офф кезеңіне жолдама алған еді. Бұл Қазақстанның футболы тарихындағы тұңғыш рет плей-офф бәсекесіне жолдама алуы.