Екі еуропалық футбол алыбы келесі кезеңге жолдаманы сарапқа салынатын ойынды «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляцияның басталуы 01:30-да.
Еске сала кетейік, «Сантьяго Бернабеуде» өткен ойында корольдік клуб "Наполиден" 3:1 есебімен басым түсті.
Соңғы бес матчын мадридтік «Реал» ел біріншілігі аясында өткізді. Тек «Валенсияға» қарсы өткен сырт алаңдағы кездесуде ғана есе жіберіп, қалған үш ойында жеңіске жетіп, біреуінде «Лас- Пальмаспен» тең түсті.
Ал, италиялық команда бұл уақыт аралығында төрт кездесу өткізіп үлгерді. «Наполи» «Кьево» мен «Романы» жеңіп, «Ювентус» пен «Аталантаға» есе жіберді.