Чемпиондар лигасы: «Милан» - «Тоттенхэм» 0:1

АСТАНА. 16 ақпан. ҚазАқпарат - Чемпиондар лигасы шеңберiнде Италияның «Милан» командасы Англияның «Тоттенхэм» клубынан 0:1 есебiмен ұтылып қалды. Бұл туралы Еуропа футболының ресми сайтында хабарланды.

Ағылшындарға жеңіс әкелген жалғыз голды ойынның 80-минутында Питер Крауч соқты. Питер Краучтың голы лондондықтарға таза жеңіс пен қарымта матчтың алдында сүбелі басымдық беріп отыр.