«Астана» - «Динамо» Загреб матчының тікелей трансляциясы астана уақытымен 20:00 басталады.
Командалардың бірінші ойыны Загребте болып, «Динамо» 4:0 есебімен «Астананың» тас-талқанын шығарғанын еске сала кетейік. Лука Иванушец хет-трик (41, 43 және 56 минуттарда) авторы атанса, тағы бір голды Бруно Петкович (36 минутта) соқты.
Осы ойыннан кейін «Астана» Қазақстан чемпионатында сырт алаңда «Қызылжармен» ойнап, 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Загребтің «Динамосына» келер болсақ, ол ұлттық біріншілікте сырт алаңда «Истраны» 3:0 есебімен жеңді.