Бельгияда «Брюгге» командасы испаниялық «Реал Мадрид» ұжымын қабылдады. Ойынның бірінші бөлігі қонақтардың басымдығымен өтті. Лука Йович, Иско сынды футболшылар есеп ашатын сәттерді мүлт жіберді. Бас төреші бірнеше рет тәртіп бұзған 4 аяқ-доп шеберіне ескерту қағазын көрсетті.
Екінші таймда «Реалдың» жас шабуылшысы Родриго таблодағы есепті өзгертті. Есеп 0-1! Ал 54-минутта Ванакен таразы басын теңестірді. Алайда бразилиялық Винисиус мадридтік клубты алға шығарды. Ойын соңына таман Лука Модрич командасының үшінші голын соқты. Қорытынды нәтиже —1:3.
Бүгінгі түннің басты жаңалығы — Италия өкілі «Аталанта» командасының өз тарихында бірінші рет Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шығуы.Олар Украина чемпионы «Шахтёрді» 0:3 есебімен ұтты. Нәтижесінде украиналықтар Еуропа Лигасына түсіп қалды.
Айта кетейік, бұған дейін С тобында сынға түсіп жатқан Англияның «Манчестер Сити» командасы сырт алаңда Хорватияның «Динамо» (Загреб) клубымен шеберлік байқасты.
Осылайша, бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңі аяқталды. Финалдық кезең келесі жылы өтеді.