«Сіздер әлемдiк спорт аренасында елiмiздiң беделiн арттыруда үлкен үлес қосып жатырсыздар. Нұрсұлтан Назарбаев халықтың денсаулығының кепілі - бұқаралық спортты дамытуға баса мән береді. Бұқаралық спорт - ұлт саулығының кепілі. Сондықтан, сіздердің көрсеткен жетiстiктерiңіз өсiп келе жатқан жеткiншектер үшiн айқын мысал. Биік белестерді бағындырып, ел атын шығару жолында аянбай еңбек ете берулеріңізге тілектеспін», - дедi облыс әкімі Ералы Тоғжанов.
Жиынға Серік Абденалиев, Ермахан Ыбрайымов, Бақтияр Артаев, Қанат Ислам, Әділбек Ниязымбетов, Берік Әбдірахманов, Ердос Жаңабергенов, Лебзяк Александр, Рустам Саидов сияқты спорт шеберлері қатысып, облыс әкіміне жастарға мол мүмкіндік жасап отырғаны үшін алғыс айтып, өңір басшысы Ералы Тоғжановқа былғары қолғап сыйлады.
Айта кетейік, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бүгін облыс орталығында бокстан Шоқыр Бөлтекұлы атындағы Х халықаралық турнирінің салтанатты ашылуы болады.