Чемпиондар түні IBА: боксшылар салмақ өлшеп, көз арбасты

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Бүгін, яғни 15 желтоқсан күні елорда төрінде алғаш рет бокстан «Чемпиондар түні IBА» - «Astana Arlans» турниріне қатысатын боксшылар таразыға түсіп, көз арбасу рәсімін өткізді, деп хабарлайды Kazinform.

ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, салмақ өлшеу рәсімі Астанадағы ең сәулетті ғимараттардың бірі - «Хан-Шатыр» сауда және ойын-сауық орталығында өтті. 16 спортшы салмақ өлшеді.

Айта кетейік, бокс кешінде отандық былғары қолғап шеберлерінің қатысуымен 8 қызықты жекпе-жек ұйымдастырылады. Әр айқас 6 раундтан тұрады.

Кештің басты жекпе-жегінде - 71 келі салмақта Рио Олимпиадасының чемпионы, 2013 жылғы әлем чемпионы Данияр Елеусінов (11-0, КО 6) Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Джабулани Макхенсемен (14-2, КО 7) жұдырықтасады. Елеусінов бұған дейін 2015 жылы шаршы алаңға шыққан еді. Ал Макхенсе алғаш рет сырт елде айқасады.

Кештің басты жекпе-жегі:

71 келі

Данияр Елеусінов (70,8 келі) - Джабулани Макхенсе (70,7 келі)

80 келі

Бекзат Нұрдаулетов (79,9 келі) - Никита Зон (79,9 келі)

67 келі

Дулат Бекбауов (66,4 келі) - Харитон Агрба (66,5 келі)

80 келі

Ерасыл Жақпеков (79,45 келі) - Градусом Клаус (79,45 келі)

71 келі

Асланбек Шымбергенов (70,7 келі) - Хосе Мигель Боррего (69,25 келі)

63,5 келі

Серік Теміржанов (62,4 келі) - Павл Фёдоров (63,5 келі)

57 келі

Махмұд Сабырхан (57 келі) - Освальдо Диас (56,9 келі)

51 келі

Санжар Тәшкенбай (50,6 келі) - Нодиржон Мирзаахмедов

Елімізде бокс кешін ертең 19:00-де - Qazsport, ал Ресейде — «Матч ТВ» каналдары тікелей эфирде көрсетеді.