Чемпиондар түні IBА: Данияр Елеусінов оңтүстікафрикалық қарсыласынан басым түсті
23:42, 15 Желтоқсан 2023
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов Астанада «Чемпиондар түні IBА» бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Sports.kz.
Елеусінов оңтүстікафрикалық Джабулани Макхенсеге қарсы шықты. Жекпе-жек 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтіп, 3 минуттан 6 раундқа есептелген болатын. Данияр төрешілердің шешімімен сенімді түрде жеңіске жетті.
Айта кетейік, аталған жекпе-жек боксшылардың ресми рекордына енбейді. Осы уақытта Данияр Елесуіновтың жекпе-жектерінің статистикасы кәсіби рингте - 11-0;6 КО болып отыр. Ол соңғы рет рингке 2021 жылдың желтоқсанында шыққан және сол кезде IBO нұсқасы бойынша жартылай салмақта әлем чмпионы атанды. Ал Джабулани Макхенсенің кәсіпқой бокстағы рекорды - 14-2, 7 К.