Оның бастапқы бағасы - 300 фунт стерлинг. Ұзындығы 4 дюмға (10 см) жететін тұқылды премьер-министр, 1941 жылы тамыздың 22-сінде министрлер кабинетінің жиналысына асығып бара жатып, қалдырған. Дәл осы күні неміс әскер Ленинградқа жеткен болатын, деп хабарлайды Utro.ru сайты.
Уайтхолл камердинері Нелли Гобл бөлмені жинастырып жүрген кезінде жартылай шегілген сигараны тауып алған және оны газетке орап, «Англияда өмір сүрген ең ұлы адамдардың бірінен қалған кәдесый» деген жазумен өзінің досына жолдаған.
Әлгі дос кәдесыйды өз қызына қалдырған, ал бүгінде зейнетке шыққан ол кейуана өмір бойы Норфолкта, өз үйінде сақтап келген сигара тұқылын енді сатылымға шығарып отыр.