Черчилльдің үйі жалға берілмек

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Уинстон Черчилль дүниеге келген және жерленген Бленем қонысында жалға беру үшін жылжымайтын мүлік нарыққа шығарылды, деп хабарлады Еuromag.ru.

Жылжымайтын мүлік нарығына ең әдемі және романтикалық, бірақта тозыңқыраған тұрғын үй шығарылды. Grade II тізіміндегі тарихи ғимаратты жаңғырту үшін 4 млн. еуро қажет.

Бұл қоныс жыл сайын 650 мың турист келетін көрнекті орында тұруға әзір ерекше қожайынды іздейді, деп хабарлады Daily Mail.

Ғимарат шарт бойынша 20 жылға айына 33 600 еуроға бағаланып, жалға берілмек. Дженни Черчилль кезінде ол «Англиядағы ең тамаша жерде тұр», деген болатын. Ол Бленем сарайына 1874 жылы келді. Оның ұлы Уинстон осында бірнеше айдан кейін дүние есігін ашты.

XVIII ғасырдың басында салынған үш қабатты ғимаратта көптеген бірегей ерекшеліктері сақталған. Оны толық жаңғыртқаннан кейін мұнда сегіз жатын бөлмесі және жуыну бөлмелері, екі қонақжай, демалыс бөлмесі және кітапхана болады. Болашақ қожайын мұнда бассейн жасап, ойын-сауық кешенін немесе тіпті теннис кортын жабдықтауына болады.