Чернобыль апатын жоюға қатысқан қазақстандықтардың жәрдемақысы қашан өседі

АСТАНА. KAZINFORM – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Чернобыль апатын жоюға қатысқан қазақстандықтардың жәрдемақысын өсіру мәселесіне пікір білдірді.

Фото: Kazinform

Журналист аталған жәрдемақының мөлшері соңғы бірнеше жылда өзгеріссіз қалап келе жатқанын айтып, бұл мәселе қашан қаралатынын сұрады.

- Олардың әлеуметті төлемін өсіру мәселесі қарастырылмайды. Күн тәртібінде биыл ондай мәселе қарастырылып жатқан жоқ. Келесі жылда да жоқ. Сол себептен ол қарастырылмайды, - деді Асқарбек Ертаев.

Еске салсақ, 1 қаңтардан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері зейнетақы төлемдерін бұрыннан алып жүрген зейнеткерлер үшін 5 пайызға ұлғайған болатын

Айта кету керек, биыл Украина жеріндегі Чернобыль атом электр станциясында болған жарылыстан бері 40 жыл өтті

Ашық деректерге сүйенсек, қазір Қазақстанда осы апатты жоюға қатысқан 5 мыңдай адам бар.