Чернобыль апаттарын жоюға қатысқан сарбаздар ескерткішіне гүл қойылды
Айта кетейік, 7 желтоқсан күні 1986-1990 жылдары Чернобыль АЭС-дегі апатты жою жұмыстарына қатысқан қазақстандықтардың еркін полкының құрылғанына 30 жыл толды.
31 743 қазақстандық әскери Чернобыль апатын жою жұмыстарына қатысты. Алматы қаласынан 5 118 сарбаз аттанған.
Апатты жоюға қатысқан сарбаздарды еске алуға ҚР Чернобыль ардагерлер одағы, чернобыльдықтардың жесірлері комитеті, ҰОС қалалық ардагерлер комитеті, Алматыдағы Ресейдің бас консулдығы өкілдері қатысты.
Жиналғандар Байтұрсынов және Жамбыл көшелері қиылысындағы ЧАЭС-дегі химиялық зардаптарды жоюға қатысқан сарбаздар ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
«Бұл - жалпы қазақстандар үшін еске алу күні. Жыл сайын, 7 желтоқсанда қазақстандық полктың құрылуын атап өтеміз. Биыл полктың құрылғанына 30 жыл толды. Қазақстан бойынша 31 мың адам қатысқан, қазір оның 5 мыңнан сәл астамы ғана тірі. Алматыдан 5118 адам аттанған. Қазір олардың 419-і ғана тірі қалды. Ондағы радиация өте қатерлі болған, қазіргі заманауи медицина ол радиацияларды адам ағзасынан кетіруге әлі де қауқарсыз. Радиациядан «чернобыльдықтар» жыл сайын қаза тауып жатыр, ол - рас», - деді Чернобыль ардагерлер одағының президенті Рахим Әбдікәрімов.