Аталмыш Саммитке ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысуда, деп хабарлайды еуропалық шенеуніктің баспасөз қызметі.
Еурокомиссия басшысы атап өткендей, өтіп жатқан конференция ядролық энергияны қауіпсіз пайдалану ісіндегі жетістік болып табылады.
Еурокомиссия төрағасының айтуынша, 25 жыл бұрын Чернобльда болған қайғылы апаттан кейін Еурокомиссия ядролық қауіпсіздік жобаларын жүзеге асыру мен Чернобль АЭС-дағы апаттың салдарынан халықты қорғау үшін 470 миллион еуро бөлген, осылайша Еуроодақ ірі донорға айналған. «Бүгін Еурокомиссия Чернобль АЭС-дағы апат салдарын жоюға 110 миллион еуро бөлетінігін мақтанышпен жеткіземін», - деді Ж. Баррозу.