Чернобыль аймағына кірмекші болып «ұсталған» қазақстандық азамат Украинадағы сапарын одан әрі жалғастырды

АСТАНА. 21 маусым. ҚазАқпарат - Чернобыль аймағына кірмекші болған алматылық Роман Паксюткин Укранинадағы сапарын жалғастырды.

Бұған дейін Украинаның ІІМ-нен патрульдеу кезінде милиция батальонының қызметкерлері Киев облысының жанындағы ауылдың қасында шетелдік азаматтар отырған көлікті ұстағанын және олардың арасында 23 жасар қазақстандықтың болғанын хабарлаған еді.

Р.Паксюткиннің ҚазАқпараттың журналисіне хабарлағанындай, оларды ешкім қамауға алған жоқ. «Ешқандай анықтаулар болған жоқ, бізбен сөйлесіп, сосын жібер салды. Бізді тексерген де, ұстаған да жоқ. Біз ол жерге қателесіп кірдік. Украина бойынша сапар жасап, көршілеріміздің қалаларын аралап жүрмін», - деп баяндады Р.Паксюткин.