Чернобыль және басқа да радиациялық зілзалалар салдарынан радиация ықпалына душар болған азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы келісімге түзетулер енгізілетін болады
08:44, 20 Қыркүйек 2010
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Қыркүйектің 20-сы. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Чернобыль және басқа да радиациялық зілзалалар мен апаттар,
сонымен қатар ядролық сынақтар салдарынан радиация ықпалына душар болған азаматтарды әлеуметтік қорғау мен олардың денсаулығын сақтау туралы келісімге түзетулер мен өзгертулер енгізу жөніндегі Хаттама жобасы ТМД Мемлекеттер басшыларының кеңесінің қарауында бекітілген тәртіптерге сай енгізілетін болады.
Мұндай шешім Минскіде өткен жедел топтың отырысында қабылданды, деп хабарлайды ТМД Атқарушы комитетінің баспасөз қызметі.
Чернобыль және басқа да радиацялық зілзалалар мен апаттар, сонымен қатар ядролық сынақтар салдарынан радиация ықпалына душар болған азаматтарды әлеуметтік қорғау мен олардың денсаулығын сақтау туралы келісімге 1994 жылдың қыркүйегінде қол қойылған болатын.