Белгісіз біреудің Бас сот ғимаратының кіреберісінде жарылғыш затты іске қосқаны айтылды. Ол кезде ғимаратта адамдар көп болды.
Жарылғыш зат граната болды деген болжам жасалып отыр.
Полицияның мәліметінше, жарылыс сағат 11.45-те болған. Оның салдарынан бір адам қаза тауып, бес адам жарақат алды. Болжам бойынша, қылмыскер жарылыстан қаза тапқан.
Оқиға орнында жедел жәрдем және мен полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.