Кеше «НеМолчи» қорының жетекшісі ұсталып, Подгорицадағы Жоғарғы сотқа жеткізілген болатын.
Бүгін Черногорияның Жоғарғы соты Смайылованы босату туралы шешім қабылдады. Оны отанына қайтармайтыны туралы ақпаратты қор өкілдері хабарлады.
— Динаны босатты. Черногорияның Жоғарғы соты Динаны экстрадициялаудан бас тартты. Енді Динаның өзі сіздермен байланысқа шығады, — деп жазылған қордың парақшасындағы жазбада.
Дина Таңсәрі Черногорияда ұсталып, Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін екендігі туралы жазған едік.
Зорлық-зомбылық құрбандары туралы ақпарат тарататын «НеМолчиKZ» қорының басшысы Динара Смайылова (Дина Таңсәрі) Черногорияда ұсталды және таңға дейін уақытша ұстау изоляторында болды.