Еуропа Лигасының голландтық АЗ матчында Джорджевич оң аяғының тізесінен жарақат алды. 22 жастағы шабуылшының алаңға шығатын уақыты белгісіз. Әзірге ол қазан айында Қазақстанға (8 қазан) және Данияға (11 қазан) қарсы Черногррия құрамасының матчтарына қатыса алмайтындығы белгілі.
07:04, 03 Қазан 2016
Черногория құрамасының шабуылдаушысы Джорджевич Қазақстанға қарсы ойнай алмайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Зенит» және Черногория құрамасының форварды Лука Джорджевич жарақатына байланысты Қазақстан мен Дания құрамаларының 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі матчтарына қатыса алмайды. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.