Черногорияда ЕО-Батыс Балқан саммиті өтіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Саммитеке қатысушы еуропалық көшбасшылар арасында Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен, Еуропалық кеңестің төрағасы Антониу Кошта, Еуропалық парламенттің төрағасы Роберта Метсола, Франция президенті Эммаюэль Макрон, Италия премьер-министрі Джорджа Мелони және Германия канцлері Фридрих Мерц бар, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің ЕО-дағы меншікті тілшісі.

Фото: x.com/@eudebates

Іс-шараны Черногория президенті Яков Милатович өткізіп, Еуропалық кеңестің президенті Антониу Кошта төрағалық етті. Бұдан басқа, саммитке аймақтағы алты елдің көшбасшылары да қатысып отыр. 

Басты назар ЕО мен Батыс Балқандағы ортақ өркендеу мен тұрақтылық мәселелеріне аударылды. Көшбасшылар аймақтың еуроинтеграциясын жеделдету, Өсім жоспарын іске асыру, ЕО-ның бірыңғай нарығына біртіндеп интеграциялану және геосаяси қиындықтар жағдайында қауіпсіздікті нығайту мәселелерін талқылап жатыр. 

Саммит қарсаңында Антониу Кошта басымдықтарды жеке талқылау үшін Батыс Балқандағы алты елідің барлығына барды. Бұл ЕО-ның кеңеюге бағытталған саяси серпінінің артып келе жатқанын көрсетеді. 

Черногория үшін бұл саммит – өз аумағында өткізіліп жатқан осындай көлемдегі алғашқы іс-шара. Ол елдің тәуелсіздігінің 20 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Саммиттен кейін Антониу Кошта, Яков Милатович және Урсула фон дер Ляйеннің бірлескен баспасөз конференциясы жоспарланған.

Осыған дейін Қазақстан Еуропалық аса маңызды материалдар саммитіне қатысқанын жаздық.