Чикаго билігі мектептердің жаппай жабылатындығын хабарлады

АСТАНА. 23 наурыз. ҚазАқпарат - Чикаго билігі өте ауыр қаржылық жағдайдан шығу мақсатында 61 бастауыш мектепті жабуға шешім қабылдады.

Бұл туралы Утро.ру шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлады.

2014 жылы Чикагоның мектеп саласындағы бюджет тапшылығы 1 млрд. долларға жетеді деп болжануда. Сондықтан да оқушылар саны немесе оқу құралдары жеткіліксіз мектептер жабылатын болады. Олардың басым бөлігі Чикагоның афроамерикалық аудандарында орналасқан. Мектептердің жабылуы 30 мың оқушыға әсер етеді.