Атыстар жайлы алғашқы хабарламалар сенбі күні түсе бастады, бірақ жарақат алғандардың басым бөлігі дүйсенбі кешке тіркелді.
Жергілікті баспасөз ажал құшқандардың саны 15-ке жеткенін нақтылады, қалғандары түрлі дәрежедегі жарақаттар алған.
Чикаго билігі қаланың проблемалы аудандарына 1 мыңға жуық полиция қызметкерін жіберген, алайда олар тәртіпсіздікті баса алмады.
Чикагода Тәуелсіздік күніне орай берілген демалыстарда атыстар ұйымдастыру дәстүрге айналған. Өткен жылғы мерекеде 66 адам зардап шеккен болатын.