Чикагода мексикалық «Голос» шоуының қатысушысы қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық Чикаго қаласында (Иллинойс штаты) мексикандық «Голос» шоуының қатысушысы Алехандро «Джано» Фуэнтеске (Alejandro «Jano» Fuentes) шабуыл жасалып, ол қаза тапты. Бұл туралы Lenta.ru Associated Press агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Оқиға 17 маусымда, орындаушының туған күнінде орын алды. Фуэнтес достарымен автомобильмен тойлауға бармақ болған. Қаруланған қаскөй келіп, әншінің көліктен шығуын талап еткен.  Орындаушы бас тартқан соң қылмыскер 45 жастағы ер адамға бірнеше рет оқ атып, ізін суытты, деп хабарлады NBC News.

Фуэнтес басынан үш жерден жарақат алды. Ауруханаға жеткізілгеннен кейін қайтыс болды.

Құқық қорғау органдары бірнеше нұсқаны қарастырып жатыр. Соның ішінде тонаушылық қылмысы болуы да мүмкін. Әзірге күдікті кім екені белгісіз.